Бұл туралы бүгін Астанада БАҚ бас редакторларын құттықтау кезінде ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев мәлім етті.
Олардың барлығы ең басты байлығымыз - Тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін еңбектеніп жүр. Осы орайда, Б. Майлыбаев барлық журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Баршаларыңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Қазақ журналистикасының шежіресі осыдан 100 жыл бұрын басталды. Бір ғасыр бұрын Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетін шығарып, қазақ баспасөзінің тарихын бастағаны белгілі. Содан бері Қазақстан журналистикасы егемендігіміздің арқасында жаңа серпінмен дамып келеді. Бүгін біздің салада екі мың жеті жүзден астам бұқаралық ақпарат құралы нәтижелі жұмыс істеуде. Сондықтан, шынайы тілегім осы қарқыннан айрылмаңыздар», - деп түйіндеді сөзін ол.
Еске сала кетейік, биыл журналистер күні 28 маусым күні тойланады.