НҰР-СҰЛТАН
Сағат 09.00-де «Хан Шатыр» сауда орталығының жанында Шығыс Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Сағат 09.30-да Нұр Сұлтан Оқушылар сарайында X Республикалық «WIR SIND ZUSAMMEN-2019» фестивалінің гала-концерті өтеді.
Сағат 12.00-де елордалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері арасында «Қазақтың ұлттық мұрасы» атты байқау өткізеді.
Сағат 18.00-де «QAZAQSTAN» ОКЗ камералық залында халықаралық байқаулардың лауреаты, «Forte Trio» мемлекеттік триосының солисі Динара Базарбаева-Сахаманның концерті өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 11.00-де «Сарыарқа» кинотеатрында әйелдер құқығына арналған митинг өтеді. Әйелдер мен бойжеткендер дискриминация, теңсіздік пен әйелдерге деген зорлық-зомбылық мәселелерін көтермек.
Сағат 12.30-да «Алматы Аренада» Coke'N'Music фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.