Қазақстанда 28 мамыр күні өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 мамырда өтетін маңызды шаралардың шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де «Ritz Carlton» қонақ үйінде Бейбітшілікке арналған технологиялық серіктестік бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының V симпозиумы өтеді.

9.00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы басталады.

10.00-де Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Қазақстан саясаттанушыларының конгресі басталады.

10.00-де Park Inn Radisson Astana қонақ үйінің мәжіліс залында «Нұр-Сұлтан - Ұлан-Батыр» рейсінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де «Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Президентінің сайлауы мен кандидаттардың үгіт-насихат науқанына арналған баспасөз мәслихатын өткізеді.

11.00-де Марриотт қонақ үйінде ЕО қаржыландыратын Central Asia Invest V бағдарламасына арналған ақпараттық сессия өтеді.

11.30-да «Транспорт Тауэр» ғимаратында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мен «Подольск машина жасау зауыты» АҚ Басқарма төрағасы Алексей Рубцов кездеседі.

14:00-де «Пекин Палас» қонақ үйінде Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарына арналған шара өтеді.

14:00-де Sputnik-Қазақстан мультимедиалық баспасөз орталығында Мәскеу-Нұр-Сұлтан видеокөпірі форматында ЕАЭО өзара әрекеттестігіндегі Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

14.30-да ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «JASTAR» COWORKING-орталығының ашылу салтанаты өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық музейінде академик Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына, ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның 115 жылдығына және Кемел Ақышевтың 95 жылдығына арналған «Қазақ археологиясының тарландары» атты дөңгелек үстел өтеді.

16.00-де «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ теміржол инфрақұрылымы нысандары аумағындағы ережелерді сақтау туралы брифинг өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясында жастар мен ЖОО, колледж студенттері арасында «SARBAZ RACE - 2019» әскери-патриоттық ойындары өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Үміт Тәжкеннің «Бег устремлений» кітабының тұсауы кесіледі.

13.00-де Almaty Towers бизнес-орталығында блокчейн мен криптовалюта технологияларын дамытуға арналған Taklimakan Network жобасы таныстырылады.

15.00-де Ы. Алтынсарин атындағы № 159 гимназияда «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» атты жаңа мектеп пәні таныстырылады.

КӨКШЕТАУ

15.00-де «Көкшетау қаласында Өңірлік коммуникациялар орталығында Жастар жылын іске асыру» тақырыбында брифинг өтеді.