деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Еліміздің дінге сенушілердің 40 діни конфессиясы бойынша - 4 365 ұйым, ал саяси жүйеде 13 партия бар. Үкіметтік емес ұйымдар саны жыл сайын ұлғайып келе жатыр. Президент айтқандай, елдің бәсекеге қабілеттігінің негізі азаматтық қоғам болуы керек. Тәуелсіздіктің 18 жылында жаңа мемлекет, жаңа экономика ғана құрылған жоқ, бұл кезеңде демократия дамып, азаматтық қоғам қалыптасты. Бұл үрдістердің бір-бірімен тығыз байланысы бар», дейді ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры Бектас Мұхамеджанов.
Оның айтуынша, демократиялық институцияландыру үрдісі халықтың әлеуметтік жұмылу үрдісінен алда келе жатыр. Бұл елдегі азаматтық қоғамның жеткіліксіздігінің салдары деуге болады. Бүгінгі конференцияның басты мақсаты - өзара пікір алмасып, азаматтық қоғамдағы қазіргі ағымдарды талқылау. Оған шетелдік және отандық сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық дипломатиялық өкілдіктердің уәкілдері қатысуда.