НҰР-СҰЛТАН
10.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Солтүстік және Орталық Қазақстан жағдайында нақты егіншілік жүйесін енгізу» тақырыбында семинар-кеңес өтеді.
10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады.
11.00-де Мәжілістің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті дөңгелек үстел отырысын өткізеді.
11.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюрода дәстүрлі брифинг өтеді.
12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де Назарбаев орталығында «Smart Zholy» акселерациялық бағдарламасы бойынша үздік инновациялық стартап-жобаларды салтанатты марапаттау шарасы өтеді.
15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстандағы Жастар жылына орай, ҚР Ұлттық музейі мен Қазақ Ұлттық өнер университетінің көркем өнер факультеті бірлесіп ұйымдастырған бейнелеу өнері бойынша студенттердің «Өнерлі қол - бақытқа жол» атты көрмесі ашылады.
15:00-де ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми кітапханасында Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына байланысты «Қанатты қаламгер» танымдық кеші өтеді.
16:20-да Журналистерге арналған «Еуроодақ - Қазақстан: Медиа әріптестікті нығайту» ІІ байқауы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
20.00-де ЭКСПО Конгресс-орталығында «Алтын граммофон» шоуы басталады.
АЛМАТЫ
10.00-де Алматы Менеджмент университетінде Жастар жылы аясында «Кәсібилердің жаңа толқыны» Еуразияның жас көшбасшыларының форумы өтеді.
11.00-де «Ғылым ордасында» «Қоғамдық сананың жаңғыруы, біртұтастығы мен көпқырлылығы призмасындағы Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің диалогы: арқылы: ежелгі әлем, орта ғасыр, жаңа уақыт» халықаралық ғылыми конференция өтеді.
17.00-де «Smart Point» орталығында Қазақстанның биоалуандығын сақтау қауымдастығы мен Бриандық сауда палатасының кездесуі өтеді.