АСТАНА
10.00-де «Үкімет үйінде» кезекті Үкімет отырысы басталады.
10.00-де Назарбаев орталығында ҚР Конституциясы күніне арналған «Конституция: заң үстемдігі, азаматтық қоғам және қазіргі заманғы мемлекет құндылықтарының іске асуы» халықаралық конференциясы өз жұмысын бастайды.
15.00-де «ССС» бизнес-орталығында «Kazakh Invest» Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин кездеседі.
15.00-де халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күніне орай ҚР Сыртқы істер министрлігінде АТОМ жобасына арналған «Жер бетіндегі өмір үшін» сериялы пошталық маркасы таныстырылады.
16.00-де Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және шетелдік дипломатиялық миссия басшылары Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің Хатшылығына барады.
АЛМАТЫ
10.00-де № 175 гимназияның мәжіліс залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастыру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
11.00-де Ұлттық кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтеді.
11.00-де Almaty Film Festival бірінші халықаралық кинофестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Отбасы және мектеп: шиеленіс немесе диалог?» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
ШЫМКЕНТ
11:00-де Шымкенттегі Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінде ОҚО Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстанның оңтүстік аймағының фармацевтикалық кластерін дамыту стратегиясының екінші таныстырылымы өтеді.
15:00-де ҚР Жоғарғы соты мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының өзара ынтымақтастық туралы меморандумына сәйкес Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы ғимаратында дауларды бейбіт жолмен шешу тәжірибесін дамыту бойынша Татуластыру орталығы ашылады.