Қазақстанда 28 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 28 тамыз күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де «Wyndham Garden Astana» қонақ үйінде VІІІ-ші қазақстандық құс өсірушілер халықаралық форумы және Еуразиялық құс өсірушілер қауымдастығының ІІ-ші форумы басталады.

Сағат 10.00-де ҚР СІМ-де Ядролық қарудан азат аймақтар күш-жігерін біріктіру жөніндегі семинар өтеді.

Сағат 10.00-ден бастап «Жастар» сарайында жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.

Сағат 10.00-де Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституцияның цифрлық өркениет дәуірінде мемлекет пен қоғамның трансформациялануы жағдайындағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 11.00-де № 1 қалалық аурухана ғимаратында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі - депутаттың сайлаушылармен кездесуі өтеді. Мәжілісмен Аманжан Жамалов осы елордалық медициналық мекеме қызметкерлерінің ұжымымен кездеседі.

Сағат 14.15-те «St. Regis Astana» қонақ үйінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің V конгресі басталады.

Сағат 15.00-де Министрліктер үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Тамара Дүйсенованың қатысуымен Салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі ұлттық біліктілік кеңесінің (бұдан әрі - ҰБК) отырысы өтеді.

Сағат 15.00-де «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйінде мемлекеттік органдар, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдар, ҰБК, сондай-ақ ғылыми қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Пенитенциарлық жүйені реформалаудың ашық диалог-құралы форумының қорытындысы бойынша ҚАЖ қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды іске асыру» атты дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында немістің ұлы ақыны, дана ойшыл, драматург, прозаик, философ, ғалым И.В. Гётенің туғанына 270 жыл толуына орай «Адамзаттың алып ақыны» атты поэтикалық-музыкалық кеш өтеді.

Сағат 15.00-де «Демалыс» кешенінде орасан зор шығармашылық оқиға – «БӘЙТЕРЕК-FEST» жастар шығармашылығының ұлттық фестивалі өтеді.

Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Халықтың вакцинопрофилактикасы тиімділігін арттыру бойынша қосымша шаралар» тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова, «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Иммундау жөніндегі консультативтік комиссияның төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп.

Сағат 17.00-де Оқушылар сарайының театр залында Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Адамзаттың Абайы» фестивалі аясында «Айтыс – бабалар мұрасы» әдеби-сазды кешін өткізеді.

Сағат 17.30-де елордалық Жетісу саябағында Конституция күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелік концерті (Этнос күні іс-шаралар кезеңі аясындағы «Еуропалық мәдениет күні») өтеді.

ТҮРКІСТАН

Сағат 11.00-де «Түркістан тарихы» музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, қасиетті тайқазанның тарихи орнына оралуына сүбелі үлес қосқан ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туған күніне орай «Тарихи мұра жанашыры» атты көрменің ашылу рәсімі өтеді.

ӨСКЕМЕН

Сағат 09.00-де С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әкімшілік корпусында облыс әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен «Nur Otan» партиясының ШҚО-дағы филиалының Саяси кеңесінің отырысы өтеді. Күн тәртібінде партияның Шығыс Қазақстандағы филиалының негізгі міндеттері, «Сенім. Диалог. Болашаққа нық сенім» жүйелі бағдарламасын іске асыруда жергілікті атқарушы органдардың міндеттері талқыланады.