Қазақстанда 29 369 жүкті әйел «Pfizer» вакцинасын салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 15 ақпандағы мәлімет бойынша Қазақстанда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 762 654 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметтерін қарағанда, «Pfizer» компаниясының вакцинасының ІІ-ші дозасын 479 575 адам салдырды.

Оның ішінде:

І-ші компонентін

Жасөспірімдер – 632 517

Жүкті әйелдер – 29 369,

Бала емізетін әйелдер – 97 577.

ІІ-ші компанентін

Жасөспірімдер – 396 230,

Жүкті әйелдер – 20 028,

Бала емізетін әйелдер – 63 270.