НҰР-СҰЛТАН
9.00-де Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде әкімдік пен оның құрылымдық ұйымдарының лауазымды адамдарына қатысты сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша жиналыс өтеді.
9.00-де Hilton Astana қонақүйінде Халықаралық энергияны үнемдеу күні мерекесіне орайластырылған екінші Халықаралық энергияны үнемдеу форумы өтеді.
9.00-де Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «ӘБІШ ӘЛЕМІ» оқу конгресі өтеді.
10.00-де Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өтпелі галерея ашылады.
11.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігі Шарджа мемлекеттік Мәдени мұра институтының ұйымдастыруымен Эмираттың мәдени күніне орай мерекелік шара өтеді.
11.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Жаңа әліпби: БАҚ мүмкіндігі мен мәселелері» тақырыбында семинар өтеді.
12.00-де «Назарбаев орталығында» жыл сайын өткізілетін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының «Үздік қазақтілді интернет сайт байқауының» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
12.00-де Hilton Garden Inn Astana қонақүйінде «Nur Otan» партиясының елордалық филиалы бастауыш партия ұйымдарының Форумын өткізеді.
12.00-де «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында Жастар Жылы аясында «Bolashaq» Қауымдастығы жобаларының есептік презентациясы өтеді.
15.00-де «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында қалалық «Парасатты отбасы» байқауын өткізеді.
15.00-де Елбасы кітапханасында Тұңғыш Президент күніне арналған «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жоба аясында іс-шаралар өтеді.
15.00-де «Нұрсаулет-2» бизнес орталығында «Алимент өндірудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтеді.
18.00 -да ҚР Ұлттық музейінің 5 жылдығына орай «Ұлы дала мұрасы» музейлер шеруі өтеді.
18.00-де «Әскер Медиа-2019» әскери журналистика саласындағы жүлде жеңімпаздары марапатталады.
18.30-да TSE Art Destination қазіргі заманғы өнер галереясында БҰҰ «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» халықаралық науқанына арналған көркем көрменің ашылуы туралы баспасөз брифингі өтеді.
АЛМАТЫ
9.30-де Shera Park Inn қонақүйінде Экологиялық ойындар ұйымының семинары өтеді.
9.30-да ҚР Тұңғыш Президенті паркінде Алматы қалалық әкімдігі мен «Jas Otan» жастар қанаты ұйымдастырған «Армандар орындалады» акциясы өтеді.
10.00-де «Азаматтық орталықта» Құқық тәртібі жөніндегі қоғамдық кеңестің №7 комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді.
12.00-де ҚР Орталық мемлекеттік музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, «Шығыс базары» дәстүрлі Ортаазиялық қолөнер көрме-жәрмеңкесін ашады.
12.30-да SmArt.Point Almaty ғимаратында Baiterek Hackathon өтеді.
14.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында жыл сайынғы Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың жүлдесінің жеңімпаздары марапатталады.
15.00-де Достық үйінде «Елін сүйген Елбасы» диалог-әңгімесі өтеді.