Қазақстанда 29 мамыр күні өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі сәрсенбі 29 мамырда өтетін маңызды шаралардың шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысы басқармасында Есіл өзенінде баланы құтқарам деп мерт болған кіші сержант Ерлан Райымқұловқа арналған салтанатты рәсім өтеді.

9.00-де Тәуелсіздік сарайында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысы өтеді. Жиын Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция туралы идеясының 25 жылдығымен және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 5 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

9.30-да «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйінде ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті «Ашық диалог - рефоормалау құралы» атты дөңгелек үстел өткізеді.

10.00-де Мәжілістің жалпы отырысы басталады.

10.00-де «Көрме» орталығында «Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және қаптама индустриясын дамыту» республикалық І форумы өтеді.

10.00-де ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы «Қоғамдық қауіп деңгейіне және басқа да критерийлерге негізделген қылмыстар, қылмыстық теріс қылық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мен ара жігін ажырату бойынша ғылыми-құқықтық тәсілдерді әзірлеу мәселелері» тақырыбында Криминологиялық форум өткізеді.

14.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің басталуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

9.00-деГранд Тянь-Шань қонақ үйінде Орталық Азиядағы биосфералық резерваттардың басшылары тұрақты даму тақырыбын талқылайды.

10.00-де «Парасат» бизнес-орталығында ерекше күтімді қажет ететін балалар мен олардың аналарына арналған Алматыдағы тұңғыш коворкинг орталық ашылады.

10.30-да «Атакент» көрме орталығында Жарнама көрмесі өтеді.

17.00-де Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында опера мен балет фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

КӨКШЕТАУ

11.30-да Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» үйінде Түркі жазуы күніне арналған «Ұлы даланың асыл мұрасы» атты танымдық мерекелік шара өтеді.