«Климатологтардың болжамын ескере отырып, облыстар тұрғысында 2014-2016 жылдары су қоймаларының торабтарын қайта құру мен толық жөндеудің жоспары әзірленді. Сондай-ақ жаңа су шаруашылығы нысандарының құрылысы үшін жобалық құжаттаманы даярлау шаралары атқарылды. Жоспарда 29 су қоймасын құру қарастырылған», - деді министр.
Белгілі болғандай, аталған жоспар аясында 2 мың 700 шақырымнан астам магистральді және үлестіргіш каналдарды қайта жаңғырту, күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүзеге асырылмақ.