Қазақстанда 29 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 29 тамызда өтетін маңызды шаралар легі жайлы шолу ұсынады.

АСТАНА 

10.00-де Астана қаласында «Rixos President Astana» қонақ үйінде Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) «Өткенді еске алып, болашаққа беттеу» атты халықаралық конференциясы басталады. 

10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғам мен қазіргі заманғы мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

11.00-де Қазақ Гуманитарлық Заң университетінде «Конституция: заң үстемдігі, азаматтық қоғам және қазіргі заманғы мемлекет құндылықтарының іске асуы» халықаралық-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын бастайды. 

11.00-де Ішкі істер министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылып, үздік қызметкерлер марапатталады.

15.00-де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен «Бейбітшілік қабырғасы» монументінің салтанатты ашылуы.

18.00-де Астана қаласы «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

19.00-де «Барыс Арена» сарайында екінші жыл сайынғы «Астана Дауысы» халықаралық музыка фестивалі өтеді.

19.00-де «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Жаңа телевизиялық маусымының таныстырылымы өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де «Жомарт жүрек» республикалық жобасы аясында «Алматы қаласындағы белсенді азаматтар форумының» жеңімпазы Давид Балтабаевпен кездесу өтеді. 

11.00-де Mercure қонақ үйінде Almaty Film Festival бірінші халықаралық кинофестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де Қазақстан баспасөз клубында «ІІМ реформалау бойынша азаматтық бастаманың 16 ұсынысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. 

12.00-де Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен Қазақстандағы тұңғыш OBI гипермаркетінің ашылу рәсімі өтеді. 

14.30-да Республика сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт өтеді. 

14.30-да ҚР Ұлттық кітапханасында қазақ жазушыларының түрік тіліне аударылған кітаптары таныстырылады. Шара Алматыдағы Түркия консулдығымен бірге ұйымдастырылған. 

ШЫМКЕНТ

15.00-де Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді.

КӨКШЕТАУ 

11:00-де Көкшетау қаласындағы Чернобыль апатына қатысушыларға арналған ескерткіштің маңында митинг өтеді. Шараға Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева, «Ақмола облысының Чернобыль ардагерлері одағы» ҚБ төрағасы Марат Жетеров қатысады.