Қазақстанда 3 энергоблок, 12 қазандық пен 5 турбина жөндеуде

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде биыл 9 энергоблокты, 55 қазанды және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: Қазақмыс

Қазіргі таңда 3 энергоблокта жөндеу жұмыстары басталды.

— 12 қазандық жөнделіп жатыр, оның ішінде біреуінің жөндеуі аяқталды. Бір турбинаның жөндеуі аяқталып, тағы 5 турбина жөнделуде. Қалған жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады, — делінген хабарламада.

Министрлік атап өткендей, жүргізіліп жатқан жұмыстар энергетикалық жабдықтың сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ алдағы жылыту маусымында халықты тұрақты жылумен жабдықтауға бағытталған.

Осыған дейін Қазақстанда энергетикалық нысандарды қорғау үшін ақ хакерлер мен ЖИ-инженерлері даярланатынын жаздық.