Қазақстанда 3 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 3 қарашада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Сағат 09.30-да Қазмедиа орталығында YPO жастар бизнес форумы басталады.

Сағат 11.00-де ҚазМЗУ-да белгілі фотограф Валерий Мельниковтың «Фоторафия - қоғамның әлеуметті мәселелерін, сонымен бірге адам құқығы мен еркіндігін таныту құралы» атты шеберлік сыныбы өткізіледі.

Сағат 13.00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында пара би бойынша (арбада отырып билеу) Астана қаласы ашық чемпионатының ашылуы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі Қазақстан Республикасындағы Жапония елшілігімен және қазақстандық-жапониялық адам ресурсын дамыту орталығымен, «Нархоз» университетімен, Қазақстандағы жапон бизнесмендері қауымдастығымен «Жапонияның мәдени күндері» фестивалін өткізеді.

Сағат 12.30-да Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық музыкасы» факультетінің студенттерінің қатысуымен «Забота» қарттар үйінде қайырымдылық концертін өткізеді.