Қазақстанда 3 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігін жалған анықтама арқылы алған

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) отырысы өтті. деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтерінеқарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмаларынорындау барысында құқық қорғау органдарының басшыларымен балаларға қатысты, сондай-ақ жол қозғалысыныңқауіпсіздігі саласындағы қылмысқа қарсы күрестің мәселелері талқыланды.

Бас Прокуроратап өткеніндей, зорлық-зомбылықтанзардап шеккен балалардың 90% әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққандар. Мұндайәрекеттердің латенттік ахуалына әсер ету уәкілетті қызметтерлер: ювеналдыполиция, педагогтар, дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлер тарапынан алдын алужұмыстарын күшейте түсуді қажет етеді.

Қылмыстарды тергеу мен ашусапасына байланысты айтылатын ескертулер аз емес. 2015 жылдан бері кәмелеткетолмағандарға қатысты 34 мыңға жуық қылмыстар келіп түскен, олардың 27% ғана талапқасай аяқталды.

Прокурорларкәмелетке толмағандарға қатысты зорлық туралы істер бойынша заңсыз үзілген 57 тергеуді қалпына келтірді, сондай-ақтоқтатылған 328 істің күшінің жойылғаны, 23 қылмыстың жасырылғанын анықтады.

Бірлескенталқылау қорытындылары бойынша өңірлерде полиция қызметкерлері менпрокурорлардың қатарынан аталған қылмыстардың санатын ашуға мамандандырылғанжекелеген топтар құру қисынды болады деп танылды.

БасПрокурор осы санаттағы қылмыстардың сапалы тергелуін қамтамасыз етуді жәнекінәлілердің жазасыз қалмайтындығықағидасының сақталуына қол жеткізуді тапсырды.

Әсіресекәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты күшейтетүсу туралы Президенттің тапсырмасын орындауға ерекше назар аударылды.

Күнтәртібінің екінші мәселесіне ауысу барысында2015 жылданбері жол-көлік оқиғаларынан 11 мың адамның қаза тапқаны, 120 мың адамның әртүрлі жарақаттар алғаны аталып өтті.

Жолқозғалысының қауіпсіздігіне бірқатар факторлар ықпал жасайды, олардың қатарындаавтопарктің күрт өсуі, жолдардың жай-күйі, көліктегі құқық заңбұзушылықтарпрофилактикасының босаңдығы және басқалары бар.

Бұл ахуалавтомектептерде жүргізушілерді даярлау сапасының төмендігіне және жүргізушікуәліктерін заңсыз алу мүмкіндігіне байланысты шиеленісе түсуде.

Мәселен,прокурорлар 3 мыңнан астам адамға жасанды медициналық анықтамаларнегізінде, сондай-ақ диспансерлік есептетұрған 923 адамға жүргізушікуәліктерінің берілу фактілерін анықтады.

Елімізде 833автомектеп жұмыс істейді, олардың басым көпшілігінің қажеттіматериалдық-техникалық базасы жоқ.

3 жыл ішіндеқұқық қорғау органдары жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджетқаражаттарын жымқыруға байланысты 100-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тергеді.7 млрд. теңгеден астам сомаға жуықшығын келген.

55 адамқылмыстық жауапқа тартылды, 24-і қазірдің өзінде сотталды.

ЖКО жөніндегіқылмыстық істерді тергеудің тиісінше жүргізілмеуі бөлігі бойынша жеке сынайтылды.

Соңғы 2 жылішінде прокурорлар 45 жасырылған қылмыстық құқықбұзушылықтарды есепке қойды,олардың 13-і бойынша үкімдер шығарылды.

Осыған байланысты Ғизат Нұрдәулетов прокурорларға кез келген заңбұзушылықтың,тергеу кезіндегі сөзбұйдаға салушылықтың жолын қатаң кесуді және кінәлілердіңқатаң жазаға тартылуына қол жеткізуді тапсырды.

Үйлестірукеңесі мүшелерінің пікірі бойынша, қауіпті жол учаскелерінің электрондық картасы, көше-жол жүйелері жай-күйініңқоғамдық мониторингінің болуы, жауапкершілікті қатаңдату және басқаларықажеттігін айтты.

Осы және басқада шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғайбағдарламалық құжатта ескерілетін болады, бұл құжат қазір ІІМ-де және Баспрокуратура жанындағы Құқық қорғау академиясында дайындалып жатыр.

Соңғы жаңалықтар