ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, өткен жылдың өзінде жаңа өндірістерде өнім шығару құны 913,4 млрд теңге құрады. Бұл өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 5,5 пайызына тең, ал өңдеу өнеркәсібіндегі Карта объектілерінің үлесі 8 пайызды (421,5 млрд. тенге) құрайды.
Мәселен, Ақмола облысында Карта жобалары арқылы өңдеуші өнеркәсіптің үштен бір бөлігі (32,7%), ал Жамбыл облысында жалпы көлемнің төрттен бірі (26,6%) шығарылды. Жалпылай алғанда Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары өнеркәсіп дамуының жетекші облыстары болып табылады.
Еңбек өнімділігі экономиканың сапалы өсімінің ең басты факторы болып табылады. 2008 жылмен салыстырғанда өткен жылы өңдеуші өнеркәсіптегі өнімділік 1,4 есе өсті. Химия өнеркәсібінің - 1,8 есе; машина құрылысы, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіптің - 1,3 есе, басқа да металдық емес минералды өнім шығарудың 1,2 есе өсуінің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізілді.