Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.
Оның атап өтуінше, бұл шара сәйкесінше өзгертулер қарастырылған заң қабылданғаннан кейін енгізілетін болады. Бүгінде заң жобасын Мәжіліс мақұлдап, Сенат қарауына жіберген еді.
«Бүгінгі күні Қазақстанда көліктерді бастапқы тіркеу алымы 0,25 есептік көрсеткішті құрайтын. Бұл шамамен 500 теңге. Жоғарыда аталған шара енгізілгеннен кейін жаңа автомобильдерді тіркеу алымы сол көлемде, 0,25 есептік көрсеткіште қала береді. Егер 1 жылдан 3 жылға дейінгі уақыт жүрілген көлік болса, онда бір реттік алым 50 есептік көрсеткішті, ал жүрілген мерзімі 3 жылдан асса онда 500 есептік көрсеткішті құрайды», - деді вице-министр.
Сонымен қатар вице-министр автобус не болмаса жүк көлігі әкелінетін болса, онда тіркеу алымы мұнан да жоғары болатындығын атап өтті.