Қазақстанда 30 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 30 қазанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09:00-де Конгресс-орталықта Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан және Орталық Азия: этноәлеуметтік үрдістер мен этномәдени байланыс» тақырыбында Орталық Азия ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 10:00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын жетілдіру мен оның тарихы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Сағат 10:00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы өткізіледі.

Сағат 10:00-де «Жастар» Сарайында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Балбөбек» ашық қалалық балалар шығармашылығы фестивалі ұйымдастырылады.

Сағат 11:00-де Ақордада ҚР Бас хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Ф.Мартинэмен кездеседі.

Сағат 11.:30-да «Назарбаев орталығында» ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры жариялаған, жоғарғы сыныптар арасында  республикалық «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильді ойынының қорытынды финалы және марапаттау рәсімі өтеді.

Сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде өңірлерде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңестерін құру» тақырыбында  баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15:00-де Сенатта депутаттар Қазақстан Президентінің Жолдауы аясында мектепке дейінші тәрбие және оқу, сонымен бірге балаларды ертеден жетілдірудің бірыңғай стандаттарын енгізу сұрақтары бойынша ҚР Білім және ғылым министрімен кездеседі.

Сағат 15:00-де Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Туймазы - Омбы - Новосибирск-2» и «Омбы - Павлодар» магистарльды мұнай желілеріндегі технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялау» заң жобасы бойынша отырыс өткізеді.

Сағат 15:00-де қоғам қайраткері, қазақстандық танымал саяхатшы Сапар Ысқақовтың қатысуымен «Дешті Қыпшақ» ғылыми-зерттеу орталығы қызметінің қорытындысын шығаруымен байланысты Тілеп Қобыз Сарайында баспасөз конференциясы өтеді. 

Сағат 16:00-де «Sputnik Қазақстан» мультимедиялық баспасөз орталығында видеокөпір форматында «ТМД аясындағы экономикалық қарым-қатынас» тақырыбында баспасөз концеренциясы басталады.

Сағат 16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Digital Bridge халықаралық инновациялық форумы  - Қазақстанның IT-индустриясындағы эксклюзивті іс-шарасы жылдың негізгі инновациялық іс-шарасына арналған баспасөз конференция өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10:00-де «Royal Tulip» отелінде Қазақстандық-малайзиялық бизнес-форумы жұмысын бастайды.

Сағат 10:00-де Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивінде тарих ғылымының докторы, профессор Оразгүл Мұхатованың «Асылбек Сейітов - тарихта қалған із» атты монографиясының таныстырылымы өтеді.

Сағат 12:00-де Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Спикер ретінде Алматы қаласының Түрксіб ауданы әкімі Кулагин Павел Сергеевич сөз сөйлейді.

Сағат 14:30-да Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген Ғылым саласын жетілдіру тұжырымдамасы жобасын талқылау өтеді. Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың ғылыми қоғамдастықпен кездесуі аталған жобаны, сондай-ақ ғылымды қаржыландыру жүйесіне өзгерістер енгізу мәселелерін, университеттік ғылымды дамыту және жас ғалымдарды ынталандыруды талқылайды.

Сөз сөйлейтіндердің тізімінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Т. Балықбаев, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары Ә. Сатыбалин, А. Медеу, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасаының өкілі Т. Доскенов, жас ғалымдар қатарынан С. Могильный бар.

Сағат 16:30-да Д.В.Сокольский атындағы «Жағармай, катализ және электрохимия институты» мен «Ғылым қоры» АҚ отандық каталитикалық нейтрализатордың өндірісі бойынша цехы ресми жұмысын бастайды.

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 18:00-де және 20:00-де Қызылорда облыстық филармониясының «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен жеке орындаушылары Сырдария ауданындағы Шаған және Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйлерінде Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай концерт өткізеді.

КӨКШЕТАУ

Сағат 14:30-да Бурабай кентінде көп қызметті спорттық алаңның ашылуы өтеді. Ол алаңға заманауи хоккей корты, футбол алаңы, жаттықтыру алаңы кіреді.