Тұрғын үймен қамтамасыз ету көлемі 18 жылдың ішінде бір тұрғынға шаққанда 34% артып, 21,9 шаршы метрге жетті.
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру басталғалы (2017-2020 жылдар) 52 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 470 мың баспана салынды.
Тұрғын үй құрылысына 3,6 триллионнан астам қаражат тартылды. Оның ішінде 864 млрд теңге – мемлекеттік инвестиция. Ал жеке инвестиция мемлекеттік қаражаттан 6 есе артық болды.
Биыл еліміз бойынша 17 млн шаршы метр тұрғын үй (163,1 мың баспана ) салу жоспарланып отыр.
«Бұдан бөлек, тұрғындардың өмірін жайлы ету мақсатында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық секторды және тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша 132,9 млрд теңгеге 572 жоба іске асырылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды», - делінген министрлік ақпаратында.