Қазақстанда 31 шілде күні өтетін маңызды оқиғаларға шолу
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 9.00-де «ТранспортТауэр» ғимаратындаИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен автомобиль жолдары, көліктікбақылау, теміржол билеттерінің тапшылығы және автомобиль жолдарының сапасысаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңес өтеді.
Сағат 11.00-де Мәңгілік ел көшесі, 54/1мекенжайында «Жергілікті деңгейдегіазаматтық қоғам: даму құралдары» атты дөңгелек үстел отырысы басталады.
Сағат 15.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астана-адалдық алаңы»жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қырғызстан-Астана» қоғамдықбірлестігімен және қоғамдық даму істері басқармасымен бірлесіп «Әлеуметтікжелілерде әлеуметтік жобаларды ілгерілету» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізеді.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де «Тұран» университетінде Заң жәнеқұқықтық тәртіп қоғамдық кеңесінің комиссиясы Алматы қаласы тұрғындарыныңқұқықтық сауаттылығы бойынша жұмыс жоспарын талқылайды.