Қазақстанда 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында мыңнан аса сәби дүниеге келді

АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында Қазақстанда 1203 бала дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Алдын ала мәліметке жүгінсек, бала туу бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Мұнда 262 сәби дүние есігін ашты. Алматы облысында - 159, Қарағанды облысында 121 сәби өмірге келді. Қазақстанның Астанасында - 61, Алматыда 52 нәресте дүние есігін ашты. Ал ең төменгі бала туу көрсеткіші Ақмола облысында. Мұнда екі күн аралығында тек 18 нәресте туылды. Жалпы еліміз бойынша, 2014 жылдың алғашқы 6 күнінде 4015 сәби өмірге келді.