«2014 жылдан бастап дуальды оқыту жол картасы Үкімет қаулысымен бекітіліп, жүзеге асырылуда. Былтырдан бері біз дуальдық оқыту жүйесін заңнамалық түрде бекіттік, Еңбек кодексіне дуалды оқыту тұрғысында жеке бап енгіздік. Сонымен бірге кейінгі білім туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты қазіргі кезде біздің оқу орындарымыздың студенттері өзінің тәжірибесінің 60 пайызын кәсіпорындар базасында өткізуге мүмкіндік алды»,-деп тоқталды ол.
Е. Жүнісовтің сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстанда 348 оқу орны дуальды элементтермен жұмыс жасауда. Осы ретте 2 мыңнан астам кәсіпорынмен келісімдер бекітілді.
«Негізгі бағыттар ретінде энергетика, мұнай-газ, құрылыс, ауыл шаруашылығы және өзге де техникалық мамандықтар бойынша, яғни 86 мамандық аясында 22 мыңнан астам студент дуальды оқыту жүйесімен білім алуда»,-деді ол.
Оның айтуынша, бүгінде аталған дуальды оқыту жүйесімен жұмыс істеп жүрген студенттерге кәсіпорындардан жалақы төленуде.