Қазақстанда 4,3 баллдық жер сілкінісі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша сағат 15.12-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 391 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,0, магнитудасы - 4,3. Тереңдігі - 15 шақырым.

Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.