Комитеттің баспасөз қызметі таратқан мәліметтеріне қарағанда, 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізде 692 631 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 22,5 пайызға жоғары. Соның ішінде, есепті кезеңде тіркеуге алынған автокөліктердің ең көп саны Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі, онда өткен тоғыз айда 86 990 көлік тіркелген. Одан кейінгі орында Алматы қаласында 85 мың 218 көлік, Алматы облысы - 82 мың 99 көлік тіркелген. Ал осы кезең ішінде Астана қаласында тіркелген көлік саны 60 019 бірлікті құрады. Есепті кезеңде автокөліктер ең аз тіркелген аймақ - Қызылорда облысы, онда 18 292 көлік тіркеліпті.