Егер 2015 жылы Қарулы күштерде 3 500-дей әртүрлі оқу-жаттығу өткізілсе, онда биіл 4 айда олардың саны 950-ге жетті. Оның ішінде жедел даярлық бойынша іс-шаралар 40-тан астам, ал жауынгерлік даярлық бойынша 900-дей.
2016 жылдың 4 айдағы ірі оқу-жаттығулар - «Айбалта» және «Қаратау». «Айбалта» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы осы жылдың ақпанында өтті. Оқу-жаттығу өткен жерге бірнеше күн бойы барлық өңірлік қолбасшылықтардың әскерлері тартылды.
Далалық машықты арттыру үшін әскерлер құрамдастырылған тәсілмен 2- 4 мың шақырымға дейінгі бейтаныс полигондарға бір жерден екінші жерге жөнелтілді және Үшарал жедел әуеайлағына жауынгерлік авиация қайта орналастырылып, «Шығыс» ӨңҚ «Шығыс» полигонында шоғырландырылды.
«Айбалта-2016» оқу-жаттығуының ерекшеліктері әскерлердің далалық дағдысын шыңдау. Күрделі қысқы жағдайда бөлімдер мен бөлімшелерді толық өрістете отырып, өткізілді. Оқу-жаттығуға барлығы қытымыр климаттық жағдайда табандылығы мен төзімділігін көрсете алған 5 мыңға жуық әскери қызметші тартылды. Барлық кезең бойы 1500-ден аса қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 30 авиациялық техника іс-қимылдардың үйлесімділігі мен барлық оқу-жаттығу ниетінің іске асырылуын пысықтады.
Ұзақ уақыттан бері оқу-жаттығу алғаш рет қысқы уақытта жауынгерлікке жақындатылған жағдайда өтті.
ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлерінде сәуір айында «Қаратау-2016» ауқымды оқу-жаттығуы өтті. Бұл оқу-жаттығуға «Батыс» және «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысы басқармаларының жеке құрамы, 25744, 86717, 30238, 75488 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының бөлімшелері тартылды.
Мұндай оқу-жаттығудың өткізілуі жеке құрамның жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу машығын, сондай-ақ дене төзімділігін және әскерлерді үлкен қашықтықтарға бір жерден екінші жерге жөнелтуді пысықтауға бағытталған. «Қаратау-2016» оқу-жаттығуына 7 мыңнан аса әскери қызметші тартылды. Жалпы алғанда, шамамен 2 500 қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері мен ҚР Шекара қызметінің 70-тен аса авиациялық техникасы тартылды.