Қазақстанда 4 мамыр күні болатын маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 4 мамыр күні болатын маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

Батыс Қазақстан облысы

Сағат 18.00-де Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында жазушы-драматург Сәбит Досановтың шығармасы бойынша «Мәншүк» драмасының премьерасы болады. Режиссерлары - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров пен Әлия Баймахан.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сағат 12:00-де өңірлік коммуникациялар қызметінде ОҚО Қорғаныс істері департаментінің басшысы, полковник Т. Әліқұлов көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жайлы баспасөз-мәслихатын өткізеді.

Сағат 11:00-де өңірлік коммуникациялар қызметінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы департаментінің басшысы Ә. Темірбаева баспасөз-мәслихатын өткізеді.

Онда спикер зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыруды жүзеге асыру, мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына бақылау жүргізу бойынша атқарылған жұмыстар мен биыл атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндайтын болады.

Өскемен

Сағат 15.00-де Халық қаһарманы, партизан жазушы - Қасым Қайсеновтің 100 жылдық мерейтойына орай А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Ерлігі - елге мұра, ұрпаққа-үлгі» деген атпен ерлік сабағы өтеді.

Көкшетау

Сағат 11.00-де Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің 2018 жылдың І тоқсанындағы қызмет қорытындылары бойынша брифинг өтеді. Брифингке Ақмола облысы бойынша департамент басшысы Б. Беспалинов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментінің тергеу басқармасының басшысы Р.Тұрғамбеков және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры А.Баймағамбетов қатысады.

Талдықорған

Сағат 10.00-де Оқушылар сарайының үлкен мәжіліс залында «Рухани жаңғыру - жалпыға ортақ құндылық» атты тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Сағат 11.30-да Талдықорған қаласындағы «Заңғар» мейрамханасында облыс әкімі А. Баталовтың 9 Мамыр - Жеңіс күніне орай соғыс және тыл ардагерлеріне арнаған салтанатты қабылдауы өтеді.

Алматы облысы

Сағат 10.00-де «Алатау» мрамор карьерінің аумағында (Ескелді ауданы Сырымбет ауылы, «Тау Жетісу» кешенінің маңында) жерге дәл қону бойынша парапланерлық спорттан Әлем кубогының ашылу салтанаты өтеді.

Семей

Сағат 10.00-де өңірлік әскери басқарманың (әскери комиссариаттар) құрылғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс өтеді. Өтетін орны: Қалалық мәдениет үйі

Сағат 12.00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімінің этика жөніндегі өкілінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің этикалық тәртібі туралы семинар өтеді. Өтетін орны: Әкімдіктің үлкен залы (1 қабат)

Сағат 15.00-де қала әкімі Е. Б. Сәлімовтың қатысуымен Жеңіс күніне арналған «Жеңіс балы» өтеді. Өтетін орны: Абай атындағы кітапхана

Сағат 16.00-де қала әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтау үшін майдангерлер үйін аралайды. Өтетін орны: Найманбаева көшесі, 152 үй, 23, әрі қарай қала әкімі 4 мекен-жайға барады.