НҰР-СҰЛТАН
Сағат 09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы басталады. Күн тәртібінде халықты сумен қамту мәселесі қаралады.
Сағат 09.00-де Дерматология орталығында Дүниежүзілік меланома күніне арналған ашық есік күні өтеді.
Сағат 11.00-де Қазақ Мемлекеттік заңгерлік университетінде Мартин Лютер атындағы Галл-Виттенберг университетінің серіктесу аясында неміс құқық орталының ашылуы өтеді.
Сағат 11.00-де «Astana Marriott» қонақ үйінде Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні аясында «Жасыл кеңселер- 2030: Тұрақты даму мақсаттары жолында» дөңгелек үстелі өткізіледі.
Сағат 15.00-де ОКҚ-да өзінің көпбалалы отбасыларына тұрғын үй сертификаттарын таратады.
Сағат 18.30-да «Астана Балет» театры ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруымен өтетін «Eurasian Dance Festival» Халықаралық балет өнерінің фестивалінің ашылу салтанатына шақырады.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де «ФудМастер» зауытына баспасөз туры ұйымдастырылады. Делегация құрамыдағы сарапшылар өндірілген өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шикі сүтті қабылдау талаптарымен танысады.
Сағат 15.30-да «Grand Hotel «Tien-Shan» қона үйінде «Қазақстандағы сүт одағы балмұздақ әзірлеушілерге өнім сапасын арттыруға көмектеседі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
КӨКШЕТАУ
Сағат 12.00-де Сарыарқа шағын ауданында Ақмола облысының әкімі Е.Маржықбаевтың қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы аналар мен жетімдерге баспана кілтін табыстау шарасы өтеді.
ТҮРКІСТАН
Сағат 10.00-де 4 маусым - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері күніне орай Түркістан қаласында «Мемлекеттік рәміздер - киелі құндылықтарымыз» атты мерекелік салтанатты жиын ұйымдастырылады. Аталған жиында ақындар өлең оқып, әншілер отаншылдыққа шақыратын әндерді шырқайды. Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы туралы айтылып, Түркістан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй, асқақ рух тарту етілмек.
ҚЫЗЫЛОРДА
Сағат 11.00-де Қызылорда қаласындағы Рәміздер алаңында 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық шара өткізіледі.