Қазақстанда 4 мың түрлі дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітілді
«Біззаңнаманы жетілдіру бағытында негізгі жұмысты жүргіздік. Атап айтқанда,дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың айналымы бойынша жұмыс реткекелтірілді. Өздеріңіз білетіндей, дәріханалардағы дәрі-дәрмектің бағасын реттеуқұзыреті Денсаулық сақтау министрлігіне беріліп, бағаны реттеу ережелерібекітілген болатын. Қазіргі уақытта көтерме-бөлшек сауда кезінде дәрі-дәрмектің4 мың түрі бойынша шекті баға бекітілді», - деді ҚР Денсаулық сақтауминистрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінбақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөзмәслихатында.
Комитетбасшысының айтуынша, дәрі-дәрмектің шекті баға бойынша тізімін Денсаулық сақтауминистрлігінің, комитеттің, аумақтық департаменттердің, Ұлттық сараптауорталығының сайтынан және «DDari.kz мобильді қосымшасынан білуге болады.
«Яғни, осыақпарат көздерінен 4000 түрлі дәрі-дәрмектің бекітілген бағасын білуге болады.Өндірушілердің бәрі баға бойынша өтінімін беріп үлгерген жоқ. Сол себепті, осыайдың соңына дейін тағы 1500 дәрі-дәрмек түрінің шекті бағасы бекітіледі», -деді Людмила Бюрабекова.