Биыл қаңтар айының соңында еліміздің жұмыспен қамту органдарында 111 мың адам, яғни елдің экономикалық белсенді тұрғындарының 1,2% жұмыссыз ретінде ресми тіркелген.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2018 жылдың қазан-желтоқсан айларында 25,1 мың адам немесе жалпы жұмыс күшінің 0,3% құрады.
Қазақстан экономикасында 2019 жылы 8,7 млн адам қамтылған. Соның 6,6 миллионы немесе 76,1% жалдамалы жұмысшылар.
Былтырғы IV тоқсанның деректеріне сүйенсек, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың ішінде еңбек өнімділігі жоғары адамдардың үлесі - 90,9%, өнімділігі төмен адамдардың үлесі 9,1% болды.