Синоптиктердің болжауынша, алдағы тәуліктерде антициклон екпіні циклонды республиканың солтүстік-батысына қарай бірте-бірте ығыстырып, атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді.
Еліміздің солтүстік-батысында, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстікте нөсер жаңбыр жауады.
Ауа температурасы күндіз батыста 23 33°С, солтүстік-батыста 15 28°С, солтүстікте 18 28°С, орталықта 25° 35°C градусқа дейін төмендейді. Ал, республиканың шығысында ауа температурасы 25 37°С, оңтүстігінде 35 45°С, оңтүстік-шығыста 35 43°С дейін көтеріледі.