Қазақстанда 5 күннің ішінде 22 адам суға кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 5 күннің ішінде 22 адам суға кетті, деп хабарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазір шомылумаусымының нағыз қызған кезі. Оған ыстық ауа райы мен адамдардың жұмыстандемалыс алуы себеп. Халық су айдындарының бойында белсенді уақыт өткізіп жүр.Аптап ыстықтың салдарынан суда көптеген қайғылы жағдайлар тіркелуде. Өткен бескүн ішінде (22-26 шілде) елдің шомылатын орындарында 22 адам көз жұмды, оның 6– бала», - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТЖК баспасөз қызметініңмәліметтеріне сәйкес, 16 адамның (оның 5 - бала) көз жұмуына шомылу кезіндеәлін дұрыс бағаламауы себеп болған. Ал 1 бала қараусыз қалып, суға батып, 5адам балық аулау кезінде қауіпсіздік ережесін бұзған.

Аталмыш оқысоқиғаларға Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай,Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістаноблыстарында тіркелген.

ҚР ІІМ ТЖ комитетіазаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Демалысорындарда суға мас немесе есірткі қабылдаған күйде түсуге; суға қайықтан,кемелерден, бұл мақсатқа арналмаған заттардан секіруге; белгіден ары асып жүзіпкетуге; жүзуге арналмаған заттармен жүзуге; кемелерге жақындауға; су айдындарынластауға; жағада және киім ауыстыратын жерде демалушыларды жарақаттауы мүмкінқоқысты тастауға; жалған көмек сұрап, дабыл қақпауға; техникалық және ескертубелгілеріне өрмелеуге; үлкен адамның қарауынсыз баланы суға жіберуге; шомылыпжатқан балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салады.