Қазақстанда 5 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу
Сағат 9:00-де Назарбаев Университетінде «Ұлы Жібек жолының энергиясы. XXI ғасырдың жастары арасындағы мәдени байлагыс пен ынтымақтастық» тақырыбында ғылыми форум басталады.
Сағат 10:00-де «Hilton Astana» қонақ үйінде «Ауғанстанда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» өңірлік конференциясы өтеді.
Сағат 10:00-де Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
Сағат 10.00-де «СК-Фармация» базасында дәрі-дәрмектер мен медициналық маңыздағы өнімдердің бағаларын реттеуге арналған дөңгелек үстел өткізіледі. Жиынға ҚР Денсаулық сақтау вице-министір А.Цой төрағалық етеді.
Сағат 11:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен тіл жанашырларын және «Елбасы және Елорда» республикалық жас ақындар арасында өткен радиомүшәйраның жүлдегерлерін марапаттау, сондай-ақ жыр жинағының салтанаты тұсаукесері өтеді.
Сағат 11:15-те Сенатта қаржы және бюджет бойынша комитет кеңейтілген отырыста салық тақырыбында кеңейтілген отырыс өткізіледі.
Сағат 14:00-де қалалық жедел медициналық жәрдем стансасының конференц-залында Қазақстанның барлық өңірінің және Литваның командаларының қатысуымен жедел медициналық жәрдем бригадаларының III республикалық жарысының ашылуы өтеді.
Сағат 15:00-де «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Қ. Тілеуханның төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің отырысы өтеді.
Сағат 15:00-де ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен «Жазғы Азия 2018» ойындарының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 15:00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «ULYS» атты Қазақстандағы тұңғыш цифрлық журналдың тұсаукесері өтеді.
Сағат 16.30-де Грепплингтен халықаралық жарыстардың ашылуына байланысты баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Баспасөздегі спикерлер: Азиялық Грэпплинг комитетінің президенті Қанат Алин және Дүниежүзілік грэпплинг комитетінің президенті Ризван Бочкаев.
АЛМАТЫ
Сағат 10:00-де жабайы құстарға арналған «Сұңқар» тәлімбағында бүркіттердің жаңа буынын бейімдеудің қорытынды кезеңі өтеді.
Сағат 10:00-де «Ғылым Ордасы» қысқы бағында Қазақстан халқы тілдері күні мен ағартушы, қайталанбас мемлекеттік қайраткер Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Қазақ ұлттық жазуы: Орфография, терминология мен ономастика» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция басталады.
Сағат 10:00-де Тұран университетінде Қоғамдық кеңестің отырысы өткізіледі.
Сағат 11:00-де Ұлттық кітапханада заманның әйгілі жазушыларының халықаралық форумының ашылу құрметіне арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Сағат 11:00-де «Интерфакс Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында қалалық кеңістіктің өзгерістеріндегі жаңа тенденцияларға арналған баспасөз мәслихаты өткізіледі.
Сағат 11:00-де «АТАКЕНТ» көрме орталығында Польша ұлттық стендінде құрылыс саласынлағы польшалық сарапшының қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізіледі.
Сағат 12:00-де «Қазақстан» баспасөз клубында «Заңгерлік кеңес: бір жылдың қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Сағат 16:00-де Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында ҚР Суретшілер одағының 85 жылдығына арналған «Ғасырлар тоғысындағы ұрпақтар жалғасы» республикалық көрмесінің ашылуы өтеді.
АҚТӨБЕ
Сағат 11.30-да Шығармашылық академиясында облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтеді.
Сағат 15.00-де «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» ғимаратында «Трансұлттық корпорациялар. Жаңғырту және инвестициялық жобалар» тақырыбында іскерлік кеңес отырысы өтеді. Жиналысқа «Sinopec Group», ERG, CNPC және басқа да ірі кәсіпорындар басшылары қатысады.
КӨКШЕТАУ
Сағат 11.00-де «Достар» мəдениет сарайында «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» тақырыбында республикалық семинар өтеді.
ШЫМКЕНТ
Сағат 16.00-де «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында аяқ киім тігетін «Lux Shoes» ЖШС БК фабрикасының салтанатты ашылуы өтеді.