НҰР-СҰЛТАН
9.00-де The Ritz-Carlton қонақ үйінде «Туғанда ешкім ұмыт қалмауы тиіс» атты құқықтық сәйкестік және азаматтық жоқтығын болдырмау мәселелері бойынша Екінші өңірлік конференция өтеді.
9.00-де Radisson қонақ үйінде «Украина - Қазақстан, Орталық Азия» украина-қазақстан бизнес-форумы басталады.
10.00-де «Hilton Garden Inn Astana» қонақүйінде «Орталық Азиядағы су мәселелері бойынша сұхбат: ұлттық деңгей арқылы жалпы аймаққа» тақырыбында Орталық Азия сарапшыларының екінші форумы өтеді.
12.00-де «Транспорт тауэрс» ғимаратында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті «Айқын бағыт» жобалық кеңсесінің жұмысын таныстырады.
15.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Sputnik Қазақстан мультимедиалық баспасөз орталығында «Қазақстан жаңа саяси болмыста: трендтері мен перспективалары» атты аналитикалық баяндаманың тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысы өтеді.
АЛМАТЫ
13.00-де С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінде «Корея – Қазақстан 2019» корей дәстүрлі медицинасы туралы семинар өтеді.
13.00-де SmArt.Point коворкинг-орталығында GENSTalks жаңартылатын энергия, тұрақты даму саласындағы стартаптар сессиясы өтеді.