Қазақстанда 5 мыңға жуық Toyota Corolla көлігінен ақау шықты
11:33, 18 Қазан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 5 мыңдай Toyota Corolla көлігінен ақау шықты, деп жазады kolesa.kz.
ТМД-да 200 мыңнан астам Toyota көлігін кері қайтаруға себеп бактан жанармайдың ағу ықтималдығы. Қазақстанда да 5 мыңға жуық көлік сервиске шақырылды.
Бар деректерге сәйкес ҚР-дағы сервистік компания 4 949 Toyota Corolla көлігін және 2006-2014 жылдары шығарылған 92 «приусты» кері қайтарды.
Кері қайтарылғандар ішінде Toyota Corolla және Prius көліктерінен басқа сол уақыт кезеңінде жинақталған Auris и Lexus CT 200h көліктері де бар. ТМД бойынша қарау және жөндеу үшін барлығы 219 811 автоны жіберу жоспарлануда.