Қазақстанда 52,9 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемі 2019 жылдың қаңтар-маусым аралығында 52,889 млрд киловатт/сағатты құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,6% аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика минитрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептікезеңде жылу энергиясын өндіру көлемі47,416 млн гигакалорияны құрады (өткен жылдың қаңтар-маусым аралығыменсалыстырғанда 3,7% аз), сумен қамту бағытындағы қызметер көлемі 1 372,5 млн текшеметрді құрады (+6,9%).

Соңғы жаңалықтар