деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан өзінің қабылдаған халықаралық міндеттемелеріне сәйкес босқындарды қабылдап, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін болады. Ағымдағы жылғы қазанның 1-індегі жағдай бойынша Қазақстандағы тіркеліп, босқын мәртебесін алған азаматтардың саны 527-ге жеткен. Олардың басым бөлігі Ауғанстаннан келген азаматтар болып табылады», деді Т. Дүйсенова.
Оның айтуынша, елімізде осы босқын мәселесіне қатысты туындаған проблемаларды заңнамалық тұрғыдан реттеу шаралары қолға алынып отыр. «Мәселен, қазіргі күні Үкімет тарапынан босқындар ісіне қатысты арнайы заң жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылды», деді Жауапты хатшы.