«2012-2016 жылдарға арналған есірткі және есірткі бизнесіне қарсы» салалық бағдарламасы аясында «Нашақорлықтың жастар санасына әсері: әуестенушілік, зардап-залал» тақырыбына дөңгелек үстел өткізеді. Бұл туралы аталмыш оқу ордасының баспасөз қызметі хабарлады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: жастар санасын улаған, ғасыр індетіне айналған нашақорлықтың алдын алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.
«Салауатты өмір салтына кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет - нашақорлық» деп Елбасы айтқандай, нашақорлықтың адам ағзасына тигізер залалы орасан зор. Нашақорлықтың салдарынан адамның денсаулығы нашарлап қана қоймай, сондай-ақ рухани жағынан азғындап кетеді», - дейді ұйымдастырушылар.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 55 мың нашақор адам бар екен. Алайда, басты мәселе нашақорлардың санында емес, жас мөлшерінде болып отыр. «Жамандардың» азғыруына еріп, жетегінде кететін өрімдей жастардың болашағы бұлыңғыр болмас үшін есірткінің зиянын насихаттап, «денсаулықтың» баға жетпес құндылық екенін саналарына сіңіру қажет.
Іс шараға үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі қызметкерлері мен белсенді студенттері шақырылған.