АСТАНА
9.00-де «Гранд Парк Есіл» қонақ үйінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) органикалық өнімдерді өндіру, сертификаттау және сенімділігі бойынша аймақтық кездесу өткізеді.
10.00-де Сенатта Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитеттің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қызыл крест комитеті арасындағы Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл крест комитеті өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары мен иммунитеттері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша кеңейтілген отырысы өтеді.
10.30-да ҚР Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан мен Өзбекстандағы Ф. Эберт қорымен бірлесе ұйымдастырған «Еңбек қатынастарындағы медиация» атты семинар-кеңес ашылады.
10.30-да «Wyndham Garden Astana» қонақ үйінде «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова әлеуметтік кәсіпкерлердің Астанадағы тұңғыш форумына қатысады.
10.30-да «Ритц-Карлтон» қонақ үйінде Аймақтық экономикалық болжам (АЭБ) таныстырылымы өтеді.
12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шенберіндегі Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де Сенатта ҚР Қорғаныс министрлігінің жетекшілігімен «Тұрғын үй қатынастары туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру жөнінде Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшелерінің кездесуі өтеді.
15.00-де «Үкімет үйінде» кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде - 2018 жылдың 9 айында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы, бизнес-ортаны одан әрі жетілдіру шаралары және Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыру бойынша жол картасын енгізу.
АЛМАТЫ
10.00-де Ритц Карлтон қонақ үйінде Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы өкілдігі Алматыда ХВҚ «Өңірлік экономиканың даму перспективалары» есебінің таныстырылымын өткізеді.
11.30-да Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жол инфрақұрылымын дамытудың инновациялық шешімдері» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы техникалық және кәсіби білім беру орындары жанындағы бизнес-клубтарды ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ALMA University мен Халықаралық Бизнес академиясы колледжінде колледждер мен мектептердің басшылары дөңгелек үстел өткізеді.