НҰР-СҰЛТАН
Сағат 09.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.
Сағат 11.00-де Ақордада Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік наградалар мен әскери шен тапсыру салтанаты өтеді.
Сағат 11.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Үкіметтік жұмыс тобының Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын іске асыру бойынша өңірлерге жасаған сапарларының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 11.00-де Қазақстанның Даму Банкінің баспасөз орталығында Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасын іске асыруға арналған кезекті транш бөлу мәселесі бойынша баспасөз брифингі өтеді.
Сағат 12.30-да Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен қызмет бабында қайтыс болған ішкі істер органдарының қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
Сағат 15.00 Елбасы кітапханасында «Ешкім де ештеңе де ұмытылмас» іс-шарасы өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 11.00-де Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Екінші Дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күніне арналған (1941-1945) Республикалық ғылыми-практикалық конференцияны өткізеді.
Сағат 14.00-де Алматы кітап баспасының «Кітап клубы» жұмысының аясында белгілі қазақ ақындарымен кездесу өтеді.
Сағат 14.00-де Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы «KS - production» продюссерлік орталығымен Жеңістің 74 жылдығына орай «Біздің жүрегіміздегі естелік» қайырымдылық акциясын өткізеді.
Сағат 20.00-де Cinemax-да (Dostyk Plaza) «Анджан» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтеді.