Қазақстанда 6 наурыз күні өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА
10.00-де Үкіметтің отырысы
9.30-да БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) негізгі серіктестерімен жыл сайынғы мәжілісін өткізеді.
10.00-де бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де Еуразиялық ұлттық университетінде біліктілікті көтеру және қосымша білім беру институтының ашылуы өтеді.
11.30-де Қазақстанның Жалпыұлттық демократиялық күштері коалициясының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін қолдау мақсатында мәжілісі өтеді.
14.00-де Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев пен Парламент мәжілісі депутаттарының, БҰҰ ЕЭК халықаралық сарапшылары мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасын дамытуды қамту саласы бойынша нәтижесін анықтау фокусының Стратегиялық экологиялық бағасын жүргізу мәселесі бойынша қоғамдық кеңес өтеді.
15.00-де «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Кеңесінің кезекті отырысы өтеді.
16.00-де «Экспортты дамытуға халықаралық стандарттауды енгізудің әсері қалай болады» тақырыбында отырыс өтеді.
17:00-де Ұлыбритания елшілігі «Қазақстандағы әйелдер мен қыздардың ұстанымын күшейту: шақыру мен мүмкіндіктер» тақырыбында панельді пікірталас ұйымдастырады.
АЛМАТЫ
11.00-де SmartPoint коворкиг-орталығында Халықаралық әйелдер күніне орай фотокөрме ашылады.
ШЫМКЕНТ
10:00-де «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ еншілес ұйымының «Азық-түлік компаниясы» ЖШС азық-түлік тұрақтандыру қорының сауда нүктелеріне пресс- тур ұйымдастырылады.
ӨСКЕМЕН
14.30-да Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты шара өтеді.
16.00-де «Қазақстан сурет өнеріндегі әйелдің образы» көрмесі ашылады.
ПЕТРОПАВЛ
11.00-де Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында Арнайы мониторинг тобының отысырын өткізу жоспарлануда. Басқосуда 2018 жарты жылдығындағы жұмыс жоспары мен «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы талқыланады.
16.00-де Халықтар достығы үйінде Халықаралық әйелдер күніне орай «Ассамблея аруы-2018» байқауы өтеді.
ТАРАЗ
10.00-де Халықаралық әйелдер күніне орай әкімнің марапаттауы салтанатты шарасы өтеді.
11.00-де «Тараздың инабатты аруы 2018!» сулулық байқауы өтеді.