НҰР-СҰЛТАН
Сағат 11.00-де ҚРТұңғыш Президенті – Елбасы қорының жанындағы ғылым бойынша кеңес «Бурабайфорум: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықтары» атты ІІІ халықаралық форумынбастайды.
Сағат 11.00-де Ішкіістер министрлігінде Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесінжетілдіру мәселесі бойынша БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді.
Сағат 12.20-даОКҚ-да «Болашақ» қауымдастығының тың жобаларын таныстыруға арналған баспасөзмәслихаты өтеді.
Сағат 15.30-даелорда әкімдігінде алдағы қаланың жылыту маусымына даярлық мәселесі бойыншабаспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Сағат 15.00-деМинистрлік үйі 10 кіреберісте қоршаған ортаны қорғау саласындағы меморандумғақол қойылады. Меморандумға Экология, геология және табиғи ресурстар министріМағзұм Мырзағалиев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаевқол қояды.
Сағат 16.00-деелорда әкімдігінде қала басшысының орынбасары Б.Мәкеновтың төрағалығыменміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша аймақтықштабтың отырысы ұйымдастырылады.
АЛМАТЫ
Сағат 08.00-ден14.00-ге дейін №4 қалалық емхана базасында артериялық гипертензиясы және қантдиабеті бар диспансерлік пациенттер арасында бүйректің созылмалы ауруы бойыншаскрининг жүргізу жоспарлануда. Кәсіби нефролог дәрігерлер командасыпациенттерді тексеріп, қандағы креатинин деңгейіне зерттеу жүргізеді.
6 тамыз күні «НұрОтан» партиясы Алматы облыстық филиалының партиялық бақылау қызметініңбасшылығы «Құтты мекен» жобасы аясында Көксу ауданы, Балпық би ауылындағы50-пәтерлі және 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй құрылысының жұмыс барысымен танысады.Рейдке облыстық, аудандық филиал басшылығы, құрылыс бөлімінің жауаптымамандары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, партиялықтар және БАҚ өкілдеріқатысады.
ОРАЛ
Сағат 10:00-ден18:00-ге дейін Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының ауыл әйелдері форумыөтеді. Форумды ұйымдастырушылар: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, «Жасылэкономика» және G-Globalды дамыту Коалициясы« ЗТБ, G-Globalдың халықаралықхатшылығы, сонымен қоса халықаралық Coca-Cola қорының қолдауымен «EXPO&WOMEN»халықаралық ұйымы ЗТБ. Форум әйелдер істері жөніндегі отбасылық-демографиялықсаясат жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттықкомиссияның қолдауымен өтеді.