Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті жанындағы Консультациялық кеңестің отырысы барысында аталған ведомствоның басшысы Мәжит Есенбаев мәлім етті.
«Қазіргі уақытта 64 мемлекеттік қызмет дайындалу үстінде. Біз оларға сараптама жүргізудеміз әрі болашақта оларды да аталған қызмет түрлері бойынша стандарттау және регламенттеу, үкіметтік тізбеге кіргізуді болжаудамыз», - деді ол.
Оның пайымынша, кедендік органдар жүзеге асыратын қызметтерге мемлекеттік мәртебе беру барлық мемлекеттік органдар үшін де маңызды мәселе болып табылады. Сонымен қатар осы жылдың ішінде комитет қызметтің 6 түрін экономикалық операциялардың барлық өкілеттілері жұмысы үшін стандарттаумен қатар регламенттеуге де ниет танытып отыр. Мәселен, кедендік өкілдер мен кедендік тасымалдаушылар тізбесіне аталған қызметтер түрін қосу жүзеге асырылады.
«Мұның барлығы да нақты регламенттеледі және де біз жыл соңына дейін оларды электронды нұсқаға көшіреміз деп сенеміз», - деді ол.