«Аталған кезеңде мүгедектікке байланысты әлеуметтік төлемақылардың орташа көлемі 7,3 есеге өсті. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемақының көлемі 4,8 есеге өсіп, 2015 жылы 20 555 теңге болды (1999 жылы - 4 250 теңге)»,-делінген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәліметінде.
Сонымен қатар, жас ерекшелігіне байланысты жәрдемақы 5,7 есеге өсті: 1999 жылғы 1 951 теңгеден 2015 жылы 11 110 теңгеге дейін артты.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7 пайызға ұлғайтылды. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 664 мыңнан аса әлеуметтік жәрдемақы алушылар тіркелген.