Қазақстанда 671 кәсіпорын суды қайта пайдалануға көшеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандағы 671 өнеркәсіп кәсіпорны суды қайта немесе айналымды пайдалану жүйесіне кезең-кезеңімен көшеді. Жаңа талап өндірістегі су шығынын азайтуға бағытталған. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті.

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындары мен жылу өндіруші субъектілері Су кодексіне сәйкес қайта немесе айналымды сумен жабдықтауға кезең-кезеңімен көшу бойынша бес жылдық жоспар әзірлеуі тиіс. Сондай-ақ қолданыстағы жүйелерді ең озық қолжетімді технологияларды қолдана отырып жаңғыртуы қажет.

Бұл шара судың өндірістік емес шығынын азайтуға бағытталған. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда рұқсат етілген су пайдалану көлемін қысқарту шаралары қарастырылған.

Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын шамамен 25 млрд текше метр су тұтынылады. Оның 20-25 пайызы өнеркәсіп қажетіне жұмсалады. Қазіргі уақытта 671 өнеркәсіп кәсіпорны қайта немесе айналымды сумен жабдықтауға көшуге дайындалып жатыр. Бүгінде 191 көшу жоспары әзірленген, оның 91-і келісу кезеңінде. Тағы 278 жоспар әзірленіп жатыр.

— Келесі жылдан бастап бұл құжаттар арнайы су пайдалануға рұқсат алу кезінде міндетті талапқа айналады. Бұл шара Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасында белгіленген нысаналы көрсеткіштерге сәйкес өнеркәсіпте суды қайта пайдалану үлесін 28 пайызға дейін арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта министрлігіміз өндірістік мақсатта су алатын су пайдаланушылардың тізімін анықтады. Сонымен қатар әр кәсіпорын бойынша соңғы үш жылдағы статистикалық деректер қайта тексеріліп жатыр. Себебі суды қайта пайдалану фактілері кей жағдайда қате түрде айналымды сумен жабдықтау ретінде көрсетілген,— деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.

Су кодексіне сәйкес, Қазақстандағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жылу өндіруші субъектілер қайта немесе айналымды сумен жабдықтау жүйесіне кезең-кезеңімен көшу бойынша бес жылдық жоспарлар әзірлеуге тиіс. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда, рұқсат етілген су пайдалану көлемдерін қысқарту шаралары көзделген.

Қайта немесе айналымды сумен жабдықтау жүйесіне көшуге 671 өнеркәсіптік кәсіпорын дайындалып жатыр. Қазіргі уақытта 191 көшу жоспары әзірленді, оның ішінде 91 жоспар келісу сатысында. Тағы 278 жоспар әзірленіп жатыр.

Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес, өнеркәсіпте қайта пайдаланылатын судың үлесін 28%-ға дейін арттыру көзделген.

Қазақстанда жыл сайынғы су тұтыну көлемі шамамен 25 млрд м³. Оның 20-25%-ға жуығы өнеркәсіп қажетіне жұмсалады.

Айта кетейік, Қазақстанда су үнемдеу технологиялары 700 мың гектардан астам жерге енгізілді.