Қазақстанда 690 мың мүгедектігі бар адам тұрады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –1 шілдедегі мәліметтер бойынша Қазақстанда 690 мың мүгедектігі бар адам тұрады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде Қазақстандамүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту құралдары мен қызметтері мемлекеттіксатып алу арқылы ұсынылады. Қызмет алушылар тендерлік жүйе мүгедектергемүлдем сәйкес келмейтіндігіне, жыл сайын қызмет көрсету сапасы мен медициналық бұйымдардыңнашарлауына шағымданады.

Бұл мәселені шешу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігі Әлеуметтік қызметтер порталын енгізуде. Бұл функционал пилоттықрежимде Ақтөбе қаласының тұрғындары үшін жұмыс істейді, онда 3медициналық-әлеуметтік мекеме (бұдан әрі - МӘМ) қосылған. Осылайша, онлайнрежимде 2 адам МӘМ-де тұруға өтінім берді.«Әлеуметтік қызметтерпорталының көмегімен біз ұлымызды мүмкіндігі шектеулі балаларға арналғансауықтыру стационарына орналастыра алдық. Портал өте ыңғайлы: біз өтінімберіп, оған ЭЦҚ қол қойдық. Оның үстіне, уақытты үнемдедік», - деді қызметалушы Ғабит Жүкетаев.

Сонымен бірге, әлеуметтік қызметтер порталын жетілдіружұмыстары жалғасуда. Порталды дамытудың екінші кезеңі азаматтардың техникалықоңалту құралдарын алу мүмкіндігі болады. Ақтөбе қаласындағы жаңашылдықтестілеуден сәтті өткен жағдайда оны республиканың басқа өңірлеріндекезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда.
Ведомствода әлеуметтік қызметтер бөлімін енгізу мүмкіндігішектеулі азаматтарға жеке қажеттіліктерді ескере отырып, құралдар мен оңалтуқызметтерін дербес таңдауға мүмкіндік береді, ал оларды алу уақыты мемлекеттіксатып алу рәсімдерін алып тастағанда қысқарады деп хабарлайды.
Бұл үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы», «ҚазақстанРеспубликасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Кәсіпкерлік кодекстуралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қажетті өзгерістер енгізужоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар