Қазақстанда 7 202 907 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де салдырды
08:56, 20 Қазан 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 20 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 8 078 657 адам салдырды.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Ал, вакцинаның II компонентін салдырғандар 7 202 907 адамды құрап отыр.