Өңірлер арасында коронавирусқа қарсы толық егілгендер бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында тұр – 940 372. Одан кейін Түркістан облысы – 882 551, Шығыс Қазақстан облысы – 786 646, Алматы облысы - 733 491, Шымкент қаласы - 515 772 және Қарағанды облысы 503 664 орналасқан.
09:07, 01 Қараша 2021
Қазақстанда 7,5 млн адам коронавирусқа қарсы толық егілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен 8 300 105 адам егілді, II компонентті 7 500 328 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.