«Алдағы үш тәулік бойы қазақстандықтар үшін ауа райы қолайлы болады. Антициклонның әсерінен мереке күндері жылы әрі бұлтсыз болады деп күтіледі. Солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда күндіз ауа температурасы 22...28°С дейін жылиды, кей жерлерде 30...33°С. Оңтүстік шығыстағы жауын-шашын тоқтап, күн жылынады», - деп хабарлады «Қазгидромет».
Синоптиктердің болжауынша, батыс өңірлерде өткінші жауын жауады деп күтіледі, бірақ мұнда да суық болмайды. Күндіз ауа температурасы 20...25, кей жерлерде 26...31°С.