АСТАНА
9.30-да «Гранд Парк Есіл» қонақ үйінде Қазақстан мен Орталық Азиядағы тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін нығайту жобасының алғашқы жиналысы өтеді. Кездесу ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Өнеркәсіптік апаттардың трансшекаралық әсері туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы ұйымдастырады.
10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10.00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде Стратегиялық бастамалар форумы ашылады.
10.00-де Қазмедиа орталығында «жасыл» субсидиялар механизмі бойынша журналистерге арналған медиа-тренинг өтеді.
10.00-де Мәскеу бизнес-орталығында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша субсидиялау шарттары туралы шағын және орта бизнес субъектілерін ақпараттандыру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
11.00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында шет елдерде тұратын отандастардың қатысуымен «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі ашылады.
11.00-де «Түркияның сыртқы саясаты және Түркия - Қазақстан қарым -қатынастары» тақырыбы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтеді.
15.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросында брифинг өтеді.
15.30-да Назарбаев Университетінде Халықаралық Валюта қоры «Кавказ және Орталық Азия аймағы экономикасының даму болашағы» күзгі есебінің таныстырылымын өткізеді.
АЛМАТЫ
11.00-де «Рамада» қонақ үйінде FlyArystan бюджеттік әуе компаниясының құрылуы жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де «Almaty Towers» бизнес-орталығында KASE БАҚ өкілдері үшін дәстүрлі ай сайынғы баспасөз брифингін өткізеді.
11.00-де Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық бюроның қазақстандық орталығында «#НеМолчи қозғалысы Орталық Азияға таралды» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де Назарбаев даңғылы бойындағы 48-үйде аңызға айналған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен тұрған үйде мемориалдық тақта ашылады. Ал 12.00-де «Денис Тен қорының» (Халық Арена) ресми таныстырылымы өтеді.
11:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған «Тұғыры биік тұлға» атты еске алу кеші өтеді.
16:30-да ҚР Орталық Мемлекеттік музейі, «Италия» оқу орталығы және «Данте Алигьери» комитеті италиялық суретші Кармине Барбароның «Махаббат алмасы» мерейтойлық жеке көрмесін ашады.
АҚМОЛА ОБЫЛСЫ
10.00-де Көкшетау қаласы Сәтбаев көшесіндегі №1 ғимараттың мәжіліс залында Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі өкілдерінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық механизмдері» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өтеді.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
7 қараша күні Ақтөбе облысы әкімдігі мен «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасында тұрғын үй займы бойынша алғашқы жарнаны «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 20 пайыздан 10 пайызға төмендету туралы келісімге қол қойылады.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
18:00-де Қазалы ауданында әнші Роза Бағланова атындағы республикалық «Ақмаңдайлым» әншілер конкурсының жеңімпаздары концерт қояды.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
9:00-де Түркістан қаласында Түркістан облысы үкіметтік емес ұйымдарының облыстық VIII азаматтық форумы басталады.
12:00-де Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев баспасөз мәслихатын өткізеді.