АСТАНА
Сағат 13:00-де қалалық алаңда Отан қорғаушы күніне орай мерекелік концерт басталады.
Сағат 19:00-де Астана қаласының 20 жылдығы аясында Жеңіс күні мен Отан қорғаушы күніне орай «Қазақстан» Орталық концерт залында «Жеңіс туы, желбіре!» атты қайырымдылық концерті басталады. Оған белгілі эстрада жұлдыздары мен симфониялық оркестр қатыспақ.
АЛМАТЫ
Сағат 10:00-де Отан қорғаушы күніне орай Республика сарайы алдындағы Абай алаңында бұқаралық серуен басталады. Дәл сол жерде 55 әскерге шақырылушыны шығарып салу шарасы өткізілмек. Отар полигонынан ауқымды әскери парад көрсетіліп, одан кейін оркестрдің қатысуымен концерт ұйымдастырылады.
Сағат 11:00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жеңіс күніне орайластырылып, автожарыс өткізіледі. Автожарысқа өзінің көліктеріне Кеңес Одағының батырлары мен фронтта болғандардың суретін жариялаған автокөлік иелері қатысады.
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Сағат 09:30-да Петропавл қаласының Театральный алаңында Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіледі.
Сағат 10:00-де Басты алаңда Петропавл гарнизонының салтанатты сапқа тұруын өткізу көзделген. Дәл осы жерде сағат 12:10-да мерекелік концерт басталады.
Сағат 15:00-де Қазақ күресінен «Қызылжар Барысын» анықтауға арналған облыстық турнир өткізілмек.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін Ұлан ауданында салтанатты сапқа тұру мен митинг өткізіледі. Одан кейін Қасым Қайсеновтың 100 жылдығына арналып, салтанатты жиын ұйымдастырылады.
Сағат 10:00-де Өскемендегі Даңқ Мемориалының алдында Ескерткіштер вахтасы ашылады.
Сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін парадты салтанатты түрде тамашалау шарасы өткізілмек.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Сағат 10.00 -де Шымкент әскери гарнизонында «Ашық есік» күні басталады. Онда келгендер әскери бөлім жауынгерлерінің тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік алады. Салтанатты шеру, сондай-ақ мерекелік концерт те жоспарланған.
Сағат 11.00-15.00 аралығында қаладағы барлық саябақта көпшілік серуендер өтеді.
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ
Сағат 06:00-де Жеңістің 73 жылдығының құрметіне 73 шақырымдық веложарыс өтеді. Веложарыс Қобыланды батыр ескерткішінен басталып, Қостанай қаласының айналма жолы арқылы Әулиекөл тас жолына - одан кейін кері Жеңіс саябағына дейінгі қашықтықты қамтымақ.
Сағат 10:00-де «Жолдағы көмек» автокөлік бірлестігі Жеңістің 73 жылдығына арнап, автожарыс өткізеді.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
«Отар» әскери базасында Отан қорғаушылар күніне орай Жауынгерлік парад өткізіледі.